Астанада «Сапалы қазақ» атты мастер класс өтеді

Фотография - Астанада «Сапалы қазақ» атты мастер класс өтеді

24 тамыз күні Астана қаласында тұғыш рет Ахметбек Нұрсила қазақ тілінде «Сапалы қазақ» атты мастер класс өткізеді

544 0

24 тамыз күні Астана қаласында тұғыш рет Ахметбек Нұрсила қазақ тілінде «Сапалы қазақ» атты мастер класс өткізеді.

Өмірде кез келген заттың сапасын өлшеуге болады. Сол сияқты өмірдің де сапасын, адамның өзінің де сапасын өлшенеді. Сапалы адамның өмірі де сапалы болары анық. Қазақ елінің сапалы болуы – әр қазақстандық азаматтың сапасына байланысты.

Сапалы қазақ тренингі сіздің өміріңіздің сапасын қалай көтеруге болады деген сұрақтарға жауап табуға арналады.

Қазір Қазақстанда кәсіп бастап, мол табыс табуға ең ыңғайлы кезең. Бірақ әлемдік бәсекелестік өскен сайын, Қазақстан Кедендік одақ пен ВТО Дүниежүзілік кеден ұйымына кірген соң бұдан он есе қиын болуы заңды. Бизнес тренинг кәсіпкер болудың қыр сырын үйретуге арналған.

Айта кетейік, Ахметбек Нұрсила 1994 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді. Бірнеше компанияның иесі, Еуропадан, Америкадан келген бизнес консультанттардан сабақ алған тәжрибелі кәсіпкер.

Өтетін орны: Ұлттық академиялық кітапханасының 2-қабатындағы мәжіліс залы

Басталуы: сағат 10:00


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!