«ҚазкоммерцБанк» АҚ монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды

Фотография - «ҚазкоммерцБанк» АҚ монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды

 Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

196 0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Әдістемелік кеңесінде жүргізілген тергеулердің нәтижелері қаралды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тергеу барысында ҚазкоммерцБанк кредит беру шарттары негізінде өз клиенттерін (заңды тұлға) барлық ақша айналымы аударымын және барлық есеп айырысу-кассалық операцияларды тек қана өзінің бөлімшелері арқылы жүзеге асыруға мәжбүрлегені анықталды»,-деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, ҚазкоммерцБанктің осы талаптары Банк қызметі туралы заңнамада көзделмеген. Банктің банк қарызы шартына қарыз алушының барлық есеп айырысу-кассалық операцияларды банкке аударуы бойынша талабын енгізуі қызмет көрсету талаптары клиент үшін неғұрлым тиімді болып табылатын басқа банктерде шот ашуға қарыз алушының құқығын шектейді («Банктер туралы» ҚР Заңының 33-бабының 2-тармағы).

ҚазкоммерцБанктің қосымша талаптарды орындай отырып кредит беруге, сондай-ақ клиентті жасалған шарттардан бас тартуға мәжбүрлеуге қатысты іс-әрекетіне монополияға қарсы заңнамада («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 16, 22, 25-баптары) тыйым салынған.

Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша қаралған нарық субъектілеріне қатысты тиісті монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!