Қазақстанда қаржы секторы «аяғынан тұрып келеді»

Фотография - Қазақстанда қаржы секторы «аяғынан тұрып келеді»

Қазақстанда қаржы секторы бірте-бірте қалпына келуде

199 0

Қазақстанда қаржы секторы бірте-бірте қалпына келуде. Банктердің табыс көрсеткіштері соңғы жылда жақсарған, алайда әлсіз күйінде қалып отыр: ірі банктердегі активтердің табысы (БТА мен Альянс Банктен басқа) өткен жылы бар-жоғы 1 пайызды құрады. Мұндай бағаны Қазақстанның қаржы нарығына Халықаралық Валюталық Қордың (ХВҚ) Атқарушы кеңесі берді.

Сонымен бірге, ХВҚ мәліметінше, БТА банктің сыртқы қарызын мемлекеттің қаражаты есебінен қайта құрылымдап, капиталдандырғаннан кейін жүйелер деңгейіндегі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті 2012 жылы 17-ден 18-ге дейін артты.

Банктік емес секторға қатысты айтсақ, Қазақстанның 11 зейнетақы қорының жалпы активі 21,2 млрд долларды (ЖІӨ-нің 11 пайызы) құрады, делінген баспасөз парағында - деп хабарлады bnews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!