Қазақстанда шілдеде орташа жалақы 112 792 теңгені құрады

Фотография - Қазақстанда шілдеде орташа жалақы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады деп хабарлайды республиканың статистика агенттігі

143 0

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады деп хабарлайды республиканың статистика агенттігі.


«Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады»,-делінген хабарламада.


Статистика мамандарының айтуынша, салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен.


«Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен»,-деп атап көрсетеді ведомство.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!