Экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында құрылып отыр

Фотография - Экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы  аясында құрылып отыр

Бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдау шараларымен 36 мыңнан астам кәсіпкер қамтылды

164 0

Бүгінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдау шараларымен 36 мыңнан астам кәсіпкер қамтылды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 145 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды»,-деді Қ.Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында 56 млрд. теңге көлемінде салық төленді. Екінші деңгейлі банктер бөлген барлық несиелердің ішінде бағдарлама бойынша несиелендірудің үлесі 11,6 пайызды құрайды. Бүгінде экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны бағдарлама аясында құрылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!