Ресей мен Украинадан денсаулыққа зиянды құс еті әкелінуде

Фотография - Ресей мен Украинадан денсаулыққа зиянды құс еті әкелінуде

Ресей мен украиндық құс етін өндіруші компаниялар өнімдеріне су енгізу арқылы олардың көлемі мен салмағын арттырып, Қазақстанға сатуда. Соның нәтижесінде отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 пайызға төмендеп кеткен

238 0

Ресей мен украиндық құс етін өндіруші компаниялар өнімдеріне су енгізу арқылы олардың көлемі мен салмағын арттырып, Қазақстанға сатуда. Соның нәтижесінде отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 пайызға төмендеп кеткен.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның вице-министрі Гүлмира Исаева айтты.

Оның мәліметінше, үш айлық тексеріс нәтижесінде Украинаның «Мироновская птицефабрикасынан» әкелінген құс етінде 9,9 %, Ресейдің «Белая птица» фабрикасының өнімінде - 16,8 %, «Агромарс эксимнің» (Украина) өнімдерінде - 10,7 % су табылған.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, бұл аз болғандай, аталған өнімдерден ішек таяқшалары тобының бактериялары, мезофильді аэробтық және факультативтік-анаэробтық микроағзалардың көп көлемі анықталып, олар денсаулыққа аса зиянды екендігі дәлелденген.

«Ішкі нарық сауда нысандарынан таңдалған құс етінің сынамаларында ішек таяқшалары мен басқа да зиянды микроағзалар табылды. Бұл өнімдер Украинаның «Мироновская птицефабрикасынан», Ресейдің «Алтайский бройлер» және «Приосколье» кәсіпорындарынан әкелінген», - деп атап өтті ол.

Ведомствоның хабарлауынша, күшейтілген зертханалық бақылау режиміне Украинаның 3 кәсіпорны кірген. Аталмыш режим ветеринарлық-санитарлық талаптардың зертханалық зерттеулерінің, өнімінің қауіпсіздік нормаларына және үнемі жүргізілген тексеріс барысына енгізілді. Өткiзiлген тексерiстер барысында импорттық құс етi техникалық регламент талаптарының маркілеуіне сәйкессiздiгi анықталған. Нақты айтқанда, мемлекеттiк тiлде ақпараттың болмауы және оны өндiрушi елдiң көрсеткен ақпаратына сай келмеуi, өндiрiлген күнi мен сақтау мерзiмдерi көрсетiлмеген.

«Осы оқиғаларға байланысты жүргізілген ветеринарлық тексерістер барысында 52 тоннаға жуық сапасыз құс еті анықталып, жойылды», - деп атап өтті Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Серік Сапарғалиев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!