Екібастұздың дамуына миллиардтан астам қаржы бөлінген

Фотография - Екібастұздың дамуына миллиардтан астам қаржы бөлінген

Екібастұз шағын қалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асқан екі жылы ішінде 1 млрд. 28 млн. теңге алды

196 0

Екібастұз шағын қалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асқан екі жылы ішінде 1 млрд. 28 млн. теңге алды. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

2012 жылы бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 470 млн. теңге бөлінді. Бағдарлама аясында өткен жылы 55 мың шаршы метр ішкіорам аумақтары жөнге келтіріліп, аулаларда 52 заманауи ойын алаңы ашылды.

Ал биылғы 558 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа автожолдар мен көшені жарықтандыру жүйелері жөнделіп, көп қабатты үйлердегі лифтілер қалпына келтірілді.

Биыл осы шағын қалаларды дамыту бағдарламасының қаражатына бойынша Екібастұзда 16 шақырым автожолға орташа жөндеулер мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа үш жаңа автожол салынуда, оның ішінде Екібастұз қаласына кіреберістегі жолда бар. Жыл соңына дейін тағы 52 мың шаршы метр ішкіорам аумақтарды көркейтіп, 13 алаң ашылмақ - деп хабарлады ҚазАқпарат

20 орталық жылу пунктінің жөндеу жұмыстары 400 қалалық көп қабатты үйлерге жылы су беруді анағұрлым жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қалада соңғы 15 жылда тоқтап тұрған 37 лифт жөнделді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!