Ұлттық банк 100 000 теңгелік естелік алтын монетаны айналымға шығарады

Фотография - Ұлттық банк 100 000 теңгелік естелік алтын монетаны айналымға шығарады

деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

342 0

ҚР Ұлттық банкі 2013 жылғы 22 тамыздан бастап «proof» сапасымен номиналдық құны 100 000 теңгелік естелік алтын монетаны айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ескерткіш алтын монетаның бет жағының (аверсінде) төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 000 ТЕҢГЕ» деген жазу екі жолға орналасқан. Монетаның периметрі бойынша жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу ойып жазылған және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Au 999 2000g» деген жазу бар. Жазулар ұлттық өрнектің элементімен бөлінген. Күңгірт жиектің ішкі жағынан үш қатар моншақ жүргізілген. Монетаның ортаңғы бөлігі жылтыр.

Монетаның сырт жағының (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі сол жағында мемлекеттік тілде үш жолға «ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан өрнектелген. Монетаның сол жақ бөлігінде айналдыра ұлттық валюта – теңге символының графикалық бейнесі орналасқан.

Монеталардың бет және сырт жағында бейнелер мен жазулар бедерленген.

Монета 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы 2000 грамм, диаметрі – 100 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы – 60 дана, қыры (гурты) бедерлі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!