2013 жылы Тараздың кәріздік-су тартатын желілерін жаңарту үшін 583 млн. теңге бөлінді

Фотография - 2013 жылы Тараздың кәріздік-су тартатын желілерін жаңарту үшін 583 млн. теңге бөлінді

Тараздың кәріздік-су тартатын желілерін жаңарту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 2013 жылы 583 млн. теңге бөлінді

171 0

Тараздың кәріздік-су тартатын желілерін жаңарту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 2013 жылы 583 млн. теңге бөлінді.

«Тараз су» МКК хабарлағандай, кәріздік су тарту желілерін қайта құру және құрылыс жүргізу бағдарламасы бойынша 2009-2015 жылдар аралығында 40 км желіні ауыстыру жоспарланған. Бұл су тарату желілеріндегі апаттарды азайтып, қаланы сумен қамту сенімділігін 10-15 пайызға дейін арттырады - деп хабарлады ҚазАқпарат

Бүгінгі таңда қолданыстағы су тарату және кәріздік құбырлардың негізгі бөлігі өткен ғасырдың 1960-70 жылдары салынған, олардың 80 пайызы қазір апатты жағдайда, бұл шамамен алғанда 386 км құбыр. Желі арқылы таратылатын судың шығыны жылына 30 пайыздан асады. Кәсіпорындағылар жыл өткен сайын қаржының аз бөлінуінен желіні толығымен ауыстыруға мүмкіндік жоқ дейді.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметтері бойынша, республикалық және жергілікті бюджеттен 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 401,9 млн. теңге, 2011 жылы - 488,1 млн. теңге, 2012 жылы - 520 млн. теңге бөлініп, игерілді.

«Тараз су» МКК су тарату желілерінің ұзындығы 483, 3 шақырымды құрайды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!