Мыс өнімдерінің сатылымы 38 мың тоннаға артты

Фотография - Мыс өнімдерінің сатылымы 38 мың тоннаға артты

 деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

224 0

Қазақмыс бірінші жарты жыл ішінде жылдық жоспарға сай келетін тұрақты өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаржылық нәтижелер металлдар бағасының төмендеуі мен өндірістің өзіндік құнының артуы есебінен алынды, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

«2013 жылдың бірінші жартысында өткізілген мыс өнімдерінің көлемі 38 мың тоннаға артты. Бұл металлдар бағамының төмендеуінің орнын толтырып, өткізуден түскен кірістің 1 571 млн. АҚШ долларына дейін өсуіне себеп болды. 2013 жылдың жарты жылдығында өткізілген мыстың орташа бағамы 2012 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішпен (тоннасы үшін 8 253 АҚШ доллары) салыстырғанда төмендеп, тоннасына 7 508 АҚШ долларын құрады. Өткізу мөлшері аса жоғары өндіріс көлемінің және дайын өнімдер көлемінің қысқаруы есебінен өсті», - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар сегменттік EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 679 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, 438 млн АҚШ долларын құрады. Шығындардың өсуі салдарынан өткізуден түскен кірістің артуы байқалмады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!