Несиелер бойынша мөлшерлемелер азаяды

Фотография - Несиелер бойынша мөлшерлемелер азаяды

Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев «Атамекен форумы» пікірталас клубының «Бәйтерек» холдингінің рөлі мен орны» атты ІІІ отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

213 0

Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру моделін жетілдіру» жобасы аясында жобаларды қаржыландырудың қолжетімділігі мәселесін шешу, нақтырақ айтқанда, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді азайту ескеріледі. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев «Атамекен форумы» пікірталас клубының «Бәйтерек» холдингінің рөлі мен орны» атты ІІІ отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

«Біздің шағын және орта бизнесті дамытудағы басты проблемамыз – кәсіпкерлікті ұзақ әрі төмен мөлшерлемемен қаржыландыра алмауымызда. Қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз, жобаны дамыту жолдарын қарастырамыз. Бұл – ҮИИД жобасына бес жыл толуына орай жеткен жетістігіміз болмақ. Бұл дегеніміз – біз алдағы уақытта мөлшерлемені әлі де төмендетуге күш саламыз, бұл жобаларды белсенді түрде іске асыруға жол ашады», - дейді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, жобаның алғашқы модулінде Қазақстанның қаржы жүйесінде қалыптасқан проблемаларға макробаға беріледі. Ол ҚР өңдеуші өнеркәсіптерін тұрақты түрде дамыту үшін қаржы институттарының сапасын анықтайды.

Ал екінші модульде алдағы 10 жылда Қазақстан экономикасының нақты саласын қаржыландыруда қажеттіліктерді бағалау ескерілген.

Үшінші модуль экономикалық өсімді және оларды жеделдету шараларын қамтамасыз ету үшін әлеуетті қаржы көздерін тартуға арналған.

Атап өтер жағдай, жобаның соңғы модулінде Қазақстанның қаржы жүйесіндегі болашақ модульде холдингтің орнын белгілеу қарастырылған.

Сонымен қатар, жобада индустриаландыру мен жоспарланған ЖІӨ өсіміне қол жеткізу үшін Қазақстанның қаржы жүйесі деңгейін көтерудің нақты шаралары қамтылады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!