Алматы облысында шағын және орта бизнес өкілдерінен бюджетке түскен кіріс 14,4 пайызға артты

Фотография - Алматы облысында шағын және орта бизнес өкілдерінен бюджетке түскен кіріс 14,4 пайызға артты

Шағын және орта бизнеспен 255,3 мың адам айналысады немесе бұл экономикалық белсенді халықтың 24,5 пайызы

251 0

Шағын және орта бизнеспен 255,3 мың адам айналысады немесе бұл экономикалық белсенді халықтың 24,5 пайызы. Бұл туралы өңір депуттарының алдында есеп берген Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов мәлім етті.

Оның айтуынша, олар өндірген өнім 287,9 млрд. теңгені құраған, нақты көлем индексі - 101,9 пайыз. Бюджетке 12,7 млрд. теңге қаржы түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға жоғары. Жергілікті бюджетке түскен салық үлесі 32 пайыз.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында 65 жоба мемлекеттік қолдауға ие болған. Олардың ішінде пайыздық үстемені субсидиялау бойынша 34 жоба мақұлданды.

27 кәсіпкерге 90 млн. теңгеге гранттар бөлінді.

Талғар ауданында индустриалды инфрақұрылымды дамыту бойынша 162 млн. теңгеге екі жоба жүзеге асырылды - деп хабарлады ҚазАқпарат

2012 жылы өңірлік тұрақтандыру қорына республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінген.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!