Шоу бизнес 57 миллион теңге төледі

Фотография - Шоу бизнес 57 миллион теңге төледі

Шоу бизнес өкілдері бюджетке 2012 жылы салық төлемдері ретінде 57 млн. теңге төлеген

975 0

Шоу бизнес өкілдері бюджетке 2012 жылы салық төлемдері ретінде 57 млн. теңге төлеген. Бұл тек бір Алматы қаласы бойынша көрсеткіш. Аталған мәліметті Алматы қаласының салық департаменті хабарлады.

Департамент соңғы екі жылда шоу бизнес саласында нәпақасын айырып жүрген 700 азаматты жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге алған. Бюджетке 2010 жылы өнер адамдарынан салық ретінде 25 млн. теңге түскен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш екі есе артып, 57 млн. теңгені құрады.

Жалпы биыл Алматы қаласының салық департаменті жергілікті бюджетке 245-250 млрд. теңге, ал мемлекеттік қазынаға 1,3 трлн. теңге жинап алуды жоспарлап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!