Солтүстік және Орта Азия елдері өз экономикасын жандандыра алады

Фотография - Солтүстік және Орта Азия елдері өз экономикасын жандандыра алады

Бұл туралы бүгін Алматыда басталған «Солтүстік және Орта Азияның тұрақты әрі сенімді макраэкономикалық саясаты» атты АТМЭӘК Диалогына қатысушылар мәлім етті, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.

995 0

Еуроаймақтағы қиындықтар мен әлемдегі шикізатқа бағалардың тұрақсыздығына қарамастан Солтүстік және Орта Азия елдері өнідіріс диверсификациясы мен өтім нарығын кеңейту арқылы күйзеліске қарсы тұрып, өздерінің экономикалық дамуын қолдай алады.

Бұл туралы бүгін Алматыда басталған «Солтүстік және Орта Азияның тұрақты әрі сенімді макраэкономикалық саясаты» атты АТМЭӘК Диалогына қатысушылар мәлім етті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік коммисиясының өкілдері атап өткендей, экономикасы негізінен тауар мен еңбек ресурстарының экспортына бағытталған және ғаламдық экономикалық дағдарысынан бұрынғы жоғары экономикалық деңгейін қалпына келтіріп, оны тұрақты әрі нық етуге тырысушы елдер Азиялық-Тынықмұхиттық аймақпен тығыз сауда және инвестициялық байланыстар арқасында пайда көре алады.

Қазақстанның ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко өз кезегінде аймақ үшін теңдестірілген және салаларды тегіс қамтушы мүмкіндіктің өсуі маңызды екендігін атап өтті: «Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуы олардың теңдестірілген және жалпыны қамтитын деңгейінің өсуін қолдай алу мүмкіндігіне байланысты».


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!