Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты банкрот деп танылуы мүмкін

Фотография - Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты банкрот деп танылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қарағанды облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың баспасөз хатшысы Индира Құспаева хабарлады.

203 0

«АТФ Банк» АҚ «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ-ның банкрот деп танылуын сұрайды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қарағанды облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың баспасөз хатшысы Индира Құспаева хабарлады.

«АТФ Банк» АҚ-ның «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ-ны банкрот деп тану туралы өтініші бойынша азаматтық іс Қарағанды облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының қарауында жатыр. Банк кәсіпорынның қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелерді бұзғанын мәлімдейді», - деді И. Құспаева.

Талап-арызда 2008 жылғы қараша айында банк пен АҚ арасында банк қарыздары туралы нобайлы келісім жасалып, 2013 жылғы қараша айына дейін 19 млн. АҚШ доллары сомасында несие желісі ашылғаны атап айтылған. Шағымданушының айтуынша, қарыз иесі 2010 жылғы ақпан айынан бастап шарт міндеттемелерін орындамай отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!