Қазақстанда салық өседі

Фотография - Қазақстанда салық өседі

Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

143 0

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Оған сай бірқатар салықтар мен акциздердің ставкаларын өсіру қарастырылған. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Заң жобасында жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын, көлік салығын, 2015 жылдан темекі және 2014 жылдан алкоголь өнімдері акциздерінің ставкаларын өсіру қарастырылған», - деп атап өтті министр.

Мұнымен қатар, салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді төмендетіп, бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар өзгертулер әзірленген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!