Әлемде мұнай қымбаттады

Фотография - Әлемде мұнай қымбаттады

Сириядағы жағдайдың күрделенуіне байланысты әлемде мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы "қара алтынның" құны баррелі үшін 113 долларға жетіп отыр

166 0

Сириядағы жағдайдың күрделенуіне байланысты әлемде мұнай бағасы қымбаттады. Brent маркалы "қара алтынның" құны баррелі үшін 113 долларға жетіп отыр. 

Инвесторлар қазір бұл қақтығыстарды Таяу Шығыс елдерінде де қайталанады ма деп қауіптенуде. Егер көтерілістер аталған елдерде орын алған жағдайда мұнайды барлау жұмысы біршама баяулайтыны белгілі. Ал, Таяу Шығыста әлем мұнайының үштен бір бөлігі шоғырланған.

Бірқатар араб елдерінде осыған орай акциялар құны бірден құлдырады. Ал, Еуропа мен Азияның биржа көрсеткіштерінде анау айтқан иөзгерістерн болған жоқ.

Қазіргі таңда АҚШ Сирияға әскери соққы жасаудың барлық жолдарын қарастырып жатыр. Бұл әрекеттерін олар Сирия билігінің химиялық қару қолданды деген сылтаумен түсіндіруде.

Бұл ретте, Ресей мен Қытай АҚШ-тың шабуыл жасауына негіз жоқ деген ұстанымда. Өйткені, химиялық қаруды Сирия билігінің қолданғандығын дәлелдейтін айғақ жоқ. Керісінше, қырып-жою қаруын көтерілісшілер әдейі, араңдату үшін пайдалануы мүмкін дейді олар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!