Түйіткілді несиелер 29%-ға артты

Фотография - Түйіткілді несиелер 29%-ға артты

Бұл туралы халықаралық сарапшы Харальд Свейн хабарлады. 

100 0

Қазақстанда соңғы бес жылда түйіткілді несиелер 5%-дан 29%-ға дейін артты. Бұл туралы халықаралық сарапшы Харальд Свейн хабарлады. 

Сарапшының зерттеуі бойынша, шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесі оң шешімін таппай отыр. Рас, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін несиенің пайыздық үстемақасы 2008 жылдан бастап жыл сайын 6% төмендетіліп келеді. 2012 жылғы көрсеткіш бойынша несиелердің 30%-ы саудада, 31%-ы өңдеу өнеркәсібіне шоғырланған. Бұл несиелердің жартысынан көбі ұзақтығы бір жылдан аспайтын несиелер болып табылады. Олардың тек 5%-ы ғана бес жылдан асатын ұзақ мерзімді қаржыландыруға негізделген.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялардың 41% өнеркәсіпте, 26% көлік саласында. Осыған қарамастан, Харальд Свейннің пікрінше, елімізде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржы қөздеріне колжетімділігі көңіл көншітпейді. Себебі соңғы жылдары түйіткілді несиелер көлемі 29% көбейген.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!