Алматы бюджеті 4 млрд. 379 млн. теңгеге ұлғайды

Фотография - Алматы бюджеті 4 млрд. 379 млн. теңгеге ұлғайды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 19-сессиясына қатысты

141 0

Алматы әкімі Ахметжан Есімов бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 19-сессиясына қатысты, деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.

Мәслихат депуттары бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің жалпы сомасы 4 млрд. 379 млн. 005 мың теңгеге ұлғаюын бекітті. Осылайша, Алматы бюджеті 2013 жылы 357 млрд. 029 млн. 937,4 мың теңгені құрады. Қаланың нақтыланған бюджеті 304 млрд. 806 млн. 402,4 мың теңгені құрады.

«Қала бюджетін осымен төртінші рет қарауымыздың өзі Алматы экономикасының өскендігін көрсетеді. Егер республика бойынша бюджет орта есеппен 130 млрд. теңгеге қысқарса, онда бізде жыл басынан бері Алматы бюджеті 69 млрд. теңгеге өсті, оның 45 млрд.-на қаланың жергілікті кірісі арқылы қол жетті»,- деді Ахметжан Есімов.

Бұдан өзге мәслихат облигациялық заемдер арқылы қаржыландырылатын жобалардағы өзгерістерді де мақұлдады. 2010 жылы Алматы әкімдігі қалалық жобаларды жүзеге асыру үшін муниципалды облигацияларды шығарған болатын. Негізінен, жол қозғалысы ережесін бұзғандарды видеофиксациялаудың бірыңғай жүйесі енгізілді. Камералардың көмегімен түсірілген жол ережесін бұзғандардан түскен қаржыға мәслихаттың шешімімен газбен жұмыс істейтін автобустар алынады.

«Біз жеке тасымалдаушыларға әкімдіктің қоғамдық көлікті газға көшіретіндігін іс жүзінде білдіруге тиіспіз. Сонда ғана қала экологиясы жақсаратын болады», -деді Алматы әкімі.

Мәслихат күн тәртібіндегі басқа да мәселелерді мақұлдады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!