Қызылорда қаласының бюджеті 33 млрд. 251 млн. 390 мың теңгеге жетті

Фотография - Қызылорда қаласының бюджеті 33 млрд. 251 млн. 390 мың теңгеге жетті

Қызылорда қаласының бюджеті 33 млрд. 251 млн. 390 мың теңгеге жетті. Бұл туралы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлім болды

166 0

Қызылорда қаласының бюджеті 33 млрд. 251 млн. 390 мың теңгеге жетті. Бұл туралы V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлім болды.

Айта кету керек, қала бюджеті жыл басында бекітілген 23 млрд. 699 млн. теңгеден 40,3 пайызға ұлғайтылып, 33 млрд. 251 млн. 390 мың теңгені құраған. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова шаһар бюджеті облыстық бюджеттен бөлінген 764 млн. 537 мың теңге нысаналы даму тарнсферттері және қала бюджетінің кіріс бөлігінің артығымен орындалуы негізінде 374 млн. 380 мың теңге есебінен көбейіп отырғанын жеткізді.

Аталмыш қаржы қаланың коммуналдық шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, қалаға қарасты елді мекендерді абаттандыруға, жарықтандыруға бағытталмақшы.

Сессия барысында сөз сөйлеген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттен бөлініп отырған бұл қаржылардың барлығы ел игілігіне, тиімді жұмсалатынын жеткізді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!