Сирияға шабуыл жасалуы ықтимал деген жаңалықтан соң мұнай мен алтын бағасы өсуде

Фотография - Сирияға шабуыл жасалуы ықтимал деген жаңалықтан соң мұнай мен алтын бағасы өсуде

Бейсенбі, 27 тамызда, әлемдік қор индексі айтарлықтай құлдырады, ал алтын мен мұнай күрт қымбаттады, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

491 0

Бейсенбі, 27 тамызда, әлемдік қор индексі айтарлықтай құлдырады, ал алтын мен мұнай күрт қымбаттады, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

Айта кетейiк, батыстық БАҚ Ұлыбритания пен АҚШ Сирияға әскери шабуыл жасау мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, шабуылды осы аптаның соңында жасау жоспарланып отыр. Әскери операция Сирияны химиялық қаруды қолдану мүмкіндігінен айыру үшін қажет деп түсіндірілуде.

Осы жаңалықтардың негізінде американдық S&P500 индексі - 1,63%-ға, немістік DAX - 2,19%-ға, британдық FTSE100 - 0,41%-ға, жапондық Nikkei225 - 2,46%-ға, ал қазақстандық KASE - 0,38%-ға құлдырады.

Ал мұнай мен алтын бағасы жақсы өсуде. Сары металл 0,78%-ға, ал бүгін таңнан бері тағы 1,2%-ға қымбаттап, унциясы 1433,6 доллар шекке жетті. Бұл осы жылдың мамырынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Алтынның бағасы тек тамыз айының өзінде унциясы үшін 100 долларға қымбаттады.

WTI маркалы мұнайдың бағасы сейсенбіде 2,83%-ға, ал бүгін таңертең тағы да дәл осыншама қымбаттап, бір баррелі 112,18 долларға жетті. Тамыздың басынан бері WTI мұнайы 8,74%-ға қымбаттады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!