Азық -түлік 4,3% қымбаттады

Фотография - Азық -түлік 4,3% қымбаттады

Тамыз айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 4,3%-ға өскен

136 0

Тамыз айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 4,3%-ға өскен. Бұл жөнінде Статистика агентігі хабарлайды.

2013 жылғы тамызда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға макарон өнімдеріне 10%, ұнға - 9,8%, жеміс пен көкөністерге - 9,3%, кофе, шай және какаоға - 4,3%, сүт өнімдеріне, балық және теңіз өнімдеріне - 4,2%-дан, алкогольді ішімдіктерге - 4%, май және тоң майға - 3,9%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 3,8%, кондитерлік өнімдерге - 3,3%, нанға - 1,7% өссе, бағаның төмендеуі жармаға 5,5%, қантқа - 4,8%-ға байқалған.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,9% құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4,3%, жылқы етіне - 3,7%, қой етіне - 3,4%, шошқа етіне - 2,5%, сиыр етіне - 2,3%, құс етіне - 1,6%-ға жоғарылағаны айқындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!