Алматыда 20 мың салық төлеуші қызметін тоқтатады

Фотография - Алматыда 20 мың салық төлеуші қызметін тоқтатады

 деп хабарлайды Алматық қалалық Салық департаменті

179 0

Алматыда тамыз айының соңында қалалық салық органдары Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа мәжбүрлі түрде салық төлеушіні  жою туралы 2 мың 289 талап-арыз түсірген, деп хабарлайды Алматық қалалық Салық департаменті.

Бұл жойылуы тиіс субъектілердің толық тізімі емес (тіркеуден шығарылып, қызметін тоқтату). Қазіргі уақытта 26 мың 515 салық төлеуші қызметін тоқтатуы тиіс. Соның ішінде 17 мың 183-і заңды тұлға, 9 мың 332-і жеке кәсіпкер.

«Заңның 2 бабы 8 тармағы бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін сотқа жою туралы талап-арыз беру бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар бұл соңы», - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметі «жұмысын тоқтатуы тиіс салық төлеушілер саны күн сайын өзгеруде, сондықтан әлі де нақты емес», деп отыр. Салық органының айтуына қарағанда, кәсібін қайта қолға алған жеке кәсіпкерлер тізімнен шығарылып отырады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!