Қазақстан бәсекелестік рейтингісінде 50-орынға көтерілді

Фотография - Қазақстан бәсекелестік рейтингісінде 50-орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік экономикадағы бәсекелестік рейтингісінде Ресейді, Бразилияны және Португалияны артқа тастап, 50-орынға көтерілді. Мұндай мәлімет ғаламдық бәсекелестік жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған (ДЭФ) есепте айтылды.

313 0

«Қазақстан еңбек нарығындағы икемді әрі тиімді жобаларының арқасында бәсекелестік рейтингісінде 15-орынға және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерде 23-орынға көтерілді», - деп баяндалады ДЭФ есебінде. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы түйткілі шешілмей тұрған салалар қатарында денсаулық сақтау және бастапқы білім беру (97-орын), кәсіпкерлікті дамыту (94-орын) және инновация (84-орын) салалары бар.

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгерген жоқ. Швейцария бес жылдан бері топ бастаса, оның ізін ала Сингапур мен Финляндия екінші және үшінші орындарда келеді.

Одан әрі тізім жалғастырсақ, Германия мен АҚШ екі сатыдан жоғарылап, төрт және бесінші орындарға жайғасты. Өткен жылы 4-орында тұрған Швеция екі саты сырғып, 6-орынға тұрақтады. Жетінші орында – Гонконг, сегізінші – Нидерланды, тоғызыншы – Жапония. Ал алғашқы ондықты Ұлыбритания қорытындылады.

Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!