Төлем карточкаларына сұраныс артуда

Фотография - Төлем карточкаларына сұраныс артуда

ҚР Ұлттық банкінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 14,0 млн. төлем карточкаларын шығарып, оларды 12,6 млн. адамға таратып берген. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларының көлемі жағынан 26,9%, пайдаланушылар саны бойынша 23,6% артық.

139 0

Кеңінен таралған карточкалар дебеттік болып табылады. Олардың үлесі 77,7%, кредиттік карточкалардың үлесі – 19,5%. Ал, кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 1,3% және 1,5% сәйкес келеді.

Сондай-ақ, соңғы кездері карточкадағы қаражат айналымыда өскен. Мәселен, 2013 жылғы шілдеде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 574,2 млрд. теңгеге (19,6% артық) жеткен. Жалпы транзакция саны 18,4 млн болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 55,9% және 70,2%) және банкоматтар (тиісінше 30,2% және 20,7%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 98,1% және 88,8%).

Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!