«Қазақстан Халық банкі» қазақстандық банктердің рэнкингінде көш бастады

Фотография - «Қазақстан Халық банкі» қазақстандық банктердің рэнкингінде көш бастады

деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

6257 0

«Қазақстан Халық банкі» АҚ халықаралық «The Banker» басылымының «TOP 1000 WORLD BANKS 2013» рэнкингінде екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің арасында көшбасшы позицияны иеленді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«The Banker» сарапшыларының бағалауына сәйкес, елдегі активтер сапасы күрделі жағдайда екеніне қарамастан, Қазақстанда кірісі мен капиталы жағынан 1-ші деңгейде – Халық банкі тұр, ол негізгі қаржы құралдары бойынша тұрақты өсімін көрсете алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, Халық банкі 381-ден 374-ші позицияға көтеріліп, қазақстандық ЕДБ арасында көшбасшы позицияны иеленді», - делінген хабарламада.

Банктердің әлемдік рейтингіне бар-жоғы алты қазақстандық қаржы институты кірді.

Жалпы рейтингтің озат бестігін Industrial and Commercial Bank of China (ICBC) қытай, JPMorgan Chase және Bank of America америка, HSBC Holdings британ және China Construction Bank (CCB) қытай банктері бастады.

«TOP 1000 WORLD BANKS 2013» рэнкингі The Banker журналының шілдедегі нөмірінде жарияланды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!