Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12,5 мың долларға жетті

Фотография - Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12,5 мың долларға жетті

Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12,5 мың долларға жетті. Бұл туралы бүгін «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

222 0

Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 12,5 мың долларға жетті. Бұл туралы бүгін «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Ғасырдың басында, яғни алғашқы 10 жылда Қазақстан 9-10 пайыз қарқынмен дамыды, ал орташа алғанда осы жылдары даму деңгейі 6-7 пайызды құрады. Қазақстандықтардың өмір сапасында елеулі серпіліске қол жеткізілді. Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ үлесі 600 доллардан биыл 12,5 мың долларға дейін жетті. Адамзаттық әлеуеттің дамуы жаһандық индексінде біз жоғары көрсеткішті көрсеттік», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы бүгінде экономиканың даму қарқыны бойынша еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында көшбасшылардың қатарында екенін айтып өтті. Сонымен қатар Президент даму үдерісі 1996 жылдан бері басталғанын еске салды.

Бұл тұрғыда Н. Назарбаев 1991 жылдан бастап, яғни Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап өмір сүру үшін жұмыс жасалғанын, сондай-ақ осы жылы Қазақстанның ел болып қалыптасуы немесе қалыптаспауы мәселесі төтесінен тұрғанын айтты. «Мемлекетіміз көп ұлтты болды, экономикамыз тұралап қалды, жұмыссыздық жайлап, инфляция 2160 пайыз деңгейінде қалыптасты. Болжамдар көңіл көншітпеді. Алайда, біз жағдайды өзгертіп, басқа бағытта жол бастадық», - деп түйді Елбасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!