Алматының 165 кәсіпорны Индустриялдық аймақтың қатысушысы атанды

Фотография - Алматының 165 кәсіпорны Индустриялдық аймақтың қатысушысы атанды

 Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриялдық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Адис Сейдақматов мәлімдеді.

201 0

 Бүгінде Индустриялдық аймақтың әлеуетті қатысушысы атану үшін Алматының 165 кәсіпорны өтініш берді. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриялдық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Адис Сейдақматов мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан 30, машина жасау саласынан 30, құрылыс өнеркәсібінен 32, фармацевтикалық өнеркәсіптен 15, жеңіл өнеркәсіптен 23, жиһаз өнеркәсібінен 16, химиялық өнеркәсіптен 14 және өзге де салалардан 5 өтініш түскен.

«Аймақ құрылысы аяқталғаннан кейін оның аумағына 100-ге тарта өндірісті орналастыру жоспарлануда, оның 60-ы жаңадан ашылса, 40-ы (АЗТМ, «Сайман» ЖШС, «Рахат» АҚ, «Беккер» ЖШС, «Евразиан фудс корпорейшн» АҚ және т.б.) қаланың орталық бөлігінен көшіріледі», - деп хабарлады А.Сейдақматов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!