Астанада газдың тарифі төмендеді

Фотография - Астанада газдың тарифі төмендеді

Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті тұрғындарға топтық резервуарлық қондырғы (ТРҚ) арқылы газбен жабдықтау қызметінің тарифтері төмендетілген

215 0

Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті тұрғындарға топтық резервуарлық қондырғы (ТРҚ) арқылы газбен жабдықтау қызметінің тарифтері төмендетілген, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

«Астана тұрғындары биыл 1 қыркүйектен бастап «Орталық газбен жабдықтау» ЖШС-на есептеу құралы болса - 1 текше метр үшін 378,11 теңге, бұрынғы тарифтен (378,46 теңге) 0,35 теңге төмен; есептеу құралы болмаған жағдайда - айына 1 тұрғын үшін 809,29 теңге, бұған дейінгі тарифтен (810,04 теңге) 0,75 теңге төмен төлейді»,-деп көрсетілген хабарламада.

Астана қаласын газбен жабдықтау бойынша тариф құрамында белгіленген «АстанаГазҚызмет» ЖШС-на уақытша өтемдік тарифінің бекітілуі бағаның төмендеуіне себеп болған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!