Темекі бағасы екі есе қымбаттайды

Фотография - Темекі бағасы екі есе қымбаттайды

2014 жылы Қазақстанда алкогольді және темекі өнімдерінің акцизі (көпшілік тұтынатын заттарға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге салынатын жанама салық) қымбаттайтын болады

222 0

2014 жылы Қазақстанда алкогольді және темекі өнімдерінің акцизі (көпшілік тұтынатын заттарға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерге салынатын жанама салық) қымбаттайтын болады, деп жазды massaget.kz.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл туралы былай дейді: "Жалпы айтатын болсақ, темекі акцизі бүгінде 1550 теңгені құрап отыр. Біз оны 2014 жылдан бастап 3 мың теңгеге көтергелі отырмыз. Осылайша, акциздің өсуі жалғаса беретін болады. Бұл 2020 жылы 9000 теңгеге жетеді. Тура осындай өзгерістер алкогольді өнімдерге де енгізіледі. Бүгінде акциздің мөлшері ішімдіктің литрі үшін 500 теңге болса, 2014 жылы 1000 теңгеге, 2006 жылы 14000 теңгеге көтеріледі. Бізге акциздің көтерілуі аса қажет. Бұл тек экономикалық жағынан ыңғайлы емес. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Қазақстан ішімдікті ең көп қолданатын 30 көшбасшы елдің қатарына кіреді екен. Біздің көрсеткішіміз – бір қазақстандық үшін 7-8 литр ішімдік. Бұл сұмдық ұят көрсеткіш! Сондықтан бізге акциздің көтерілгені қажет. Мен ішімдік пен темекінің бағасы қымбаттады деп барлығы нашар әдеттерін тастап кетеді деп қиялға берілгім келмейді. Жоқ дегенде, адам шылымқорлық пен ішімдікке салынбас бұрын: бір қорап темекі 150 теңгеден қымбат тұратын болса, темекіні бастағаным дұрыс па деп ойланатын болады".

Министр акциздің жоғарылау себебінен шылым мен ішімдіктің "қара нарқы" да өсетін болады дегенді қоса кетті.

"Ішімідік сатудың ережелеріне қатаң тұсау саламыз. Ішімдіктің тек ірі сауда орталықтарында, мамандандырылған дүкендерде сатылатындығын қадағалаймыз. Тәртіп бұзылған жағдайда жоғары көлемде айыппұл салынады немесе жазаға тартылады: мүлік тәркілену, лицензиядан айыру, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Спортты дамыту жұмыстары қолға алынып, көптеген шаралар жасалады. Ол үшін әрине, экономикалық өлшемдер керек. Тіпті, ересек адамдардың өзі тірнектеп тапқан табысын удай қымбат шылымға жұмсау алдын ойланып қалуы тиіс. Ал жасөспірімдердің қалтасы бір бөтелке ішімдік пен бір қорап темекіні көтермеу керек. Әлемдік тәжірибе, темекі бағасы арзан елдерде шылымқорлардың өте көп екендінгін көрсетіп отыр. Біз мұны бүгін жасамасақ, келекшекте мемлекет үлкен қиындықтарға тап болады. Өткен ғасырдың салық мәдениетінде қалып отырып, нарықтық эконмиканы көтеру мүмкін емес. Бұл менің азамат ретіндегі, адам ретіндегі ұстанымым" - деді Е. Досаев.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!