Астана мен Алматы қалаларында мүлік салығы көтеріледі

Фотография - Астана мен Алматы қалаларында мүлік салығы көтеріледі

 Бұл туралы салық салу жөніндегі заңнамаға түзетулерді Мәжілісте таныстыру барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.

126 0

Бүгін ҚР ЭБЖМ тұрғын үй шаршы метрінің базалық құнын екі есеге арттыруды ұсынды. Бұл туралы салық салу жөніндегі заңнамаға түзетулерді Мәжілісте таныстыру барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.


Қазіргі таңда мүліктік салықтың Астана және Алматы қалалары үшін қолданыстағы базалық құны 30 000 теңге/ш.м., ал облыс орталықтары үшін - 18 000 теңге/ш.м. Енді ол Астана және Алматы үшін 60 мың теңгеге дейін, облыс орталықтары үшін 36 мың теңгеге дейін көтеріледі. Сондай-ақ, 150 шаршы метрден жоғары пәтерлер және 300 шаршы метрден жоғары тұрғын үйлер үшін үшке тең болатын арттыру коэффициенті енгізілуде.

Өзгерістер жер теліміне салынатын салық түрлерін де айналып өтпеді. Көптен бері пайдаланынмаған тұрғын үй немесе өзге құрылысқа арналған жерге салық мөлшерлемесі 10 есе артады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, мүліктік салыққа қатысты өзгерістер аудандық маңызы бар қалаларға, кенттерге, ауылдарға қолданылмайды екен.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!