Рудныйдың бас жоспарын орындауға 143 млн теңге бөлінді

Фотография - Рудныйдың бас жоспарын орындауға 143 млн теңге бөлінді

 Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Гаязов хабарлады.

224 0

Рудныйдың бас жоспарын орындауға 143 млн теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Гаязов хабарлады.

«Рудный – жылдам дамып жатқан қала, жеке бизнес дамуда, жаңа сауда кешендері мен кәсіпорындар салуға қажеттілік бар», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2013-2014 жылдарға арналған бас жоспарды орындауға 143 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

«Қаланы оңтүстік бағытта, яғни Тобыл өзенінің арғы жағын дамыту көзделіп отыр. Жоспардың арқасында қаланы аумақтық дамытудың ұзақмерзімді болашағы мен оның сәулеттік-жоспарлау құрылымдары, қызмет көрсету жүйлерін ұйымдастыру бойынша түбегейлі шешімдер және жалпы қалалық бағыттағы нысандардың орналасуы, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту және экологиялық жағдайды жақсарту шаралары анықталады», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!