Қазақстанда кедейлiктiң шектi деңгейiн жоғарылату жоспарлануда

Фотография - Қазақстанда кедейлiктiң шектi деңгейiн жоғарылату жоспарлануда

Министрлiк қызметiнiң ең басты бағыттарының бiрi - әлеуметтiк көмек беру жүйесiн жетiлдiру

144 0

Қазақстанда кедейлiктiң шектi деңгейiн жоғарылату жоспарлануда.

Бұл туралы бүгiн Астанада Елбасының "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерiнiң кездесуiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева мәлiм еттi.

"Министрлiк қызметiнiң ең басты бағыттарының бiрi - әлеуметтiк көмек беру жүйесiн жетiлдiру. Осы тұрғыда жақын келешекте бiз кедейлiктiң шектi деңгейiн жоғарылатуды жоспарлаудамыз", - деп атап өттi ол.

Оның айтуынша, әлеуметтiк көмектiң негiзгi көрсеткiшi күнкөрiстiң ең төмеңгi деңгейi болып табылады. Қазiргi уақытта кедейлiктiң шектi деңгейi күнкөрiстiң ең төменгi көрсеткiшiнiң 40 пайызын құрайды.

"2015 жылға қарай бұл көрсеткiштi 60 пайызға дейiн көтерудi ұсынып отырмыз. Ал 2020 жылға қарай оның көлемi көнкөрiстiң ең төменгi деңгейiнiң 100 пайызына дейiн өспек", - деп атап өттi А.Құрманғалиева.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!