Қазақстан АҚШ экономикасына өзінен артық ақшаны салып отыр

Фотография - Қазақстан АҚШ экономикасына өзінен артық ақшаны салып отыр

Бұл туралы Ресейдің «РБК» телеарнасына сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

162 0

АҚШ Қазақстанның экономикасына 40 млрд. долларға жетер-жетпес қаржы құйса, біз олардың құнды қағаздарына 43,5 млрд. доллардан артық ақша салып отырмыз. Бұл туралы Ресейдің «РБК» телеарнасына сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгінде Қазақстанның экономикасына тікелей инвестиция салу жағынан бірінші орында АҚШ болса, екінші орында - Ұлыбритания, үшінші орында - Нидерланды, ал төртінші орынға қазір Қытай Халық Республикасы шығып отыр. «Алайда АҚШ бірінші орында тұр деп отырмыз ғой. Олардың бізге салған тікелей инвестициясы 40 млрд. доллардан кем. Ал Қазақстанның Американың құнды қағаздарына құйған қаржысы 43,5 млрд. доллардан асып жығылады. Демек, біз олардың экономикасына өздерінен артық ақшаны салып отырмыз. Германиямен өткен жылғы жағдай былай болды. Біздің сол елге салған инвестициямыз 6 млрд. долларды құраса, немістердің Қазақстанға құйған қаржысы тек 1,5 млрд. доллар болды. Біздің президентіміз осыны Меркель ханымға (Германияның канцлері - авт.) айтқан кезде, ол кәдімгідей ұнатпаған сыңай танытты», - деп атап көрсетті Г.Марченко.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!