Македония мен Косово еркін саудаға қайта көшті

Фотография - Македония мен Косово еркін саудаға қайта көшті

Македония Косоводан бидай мен ұн импорттауға қойылған шектеуді алып тастады. Косово да Македония өнімдеріне қойылған шектеуді жойды

105 0


Македония Косоводан бидай мен ұн импорттауға қойылған шектеуді алып тастады. Косово да Македония өнімдеріне қойылған шектеуді жойды. 

Жүк көліктері 15 қыркүйекте екі ел шекарасынан ешқандай шектеусіз өтті.

Македония билігі Косоводан келетін тауарларға кеден салығы салынбайтынын мәлімдеді. 

Екі ел арасындағы сауда дауы биылғы шілдеде шиеленісіп кеткен. Македония Косоводан келетін бидай мен ұнға тыйым салған еді. Приштина бұған жауап ретінде бір апта бұрын Македония тауарларына шекарадан өтуге шектеу қойған. Бұдан соң Македония шекарадан өту үшін косоволықтарға салық енгізді. Ол бойынша, шекарадан өткен жолаушы екі еуро, көлігімен өткен адам бес еуро төлейтін.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!