Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел – АҚШ

Фотография - Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел – АҚШ

«АҚШ 2020 жылға қарай әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел атанады». Швейцариялық UBS банкі осындай ақпарат таратып отыр

176 0

«АҚШ 2020 жылға қарай әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел атанады». Швейцариялық UBS банкі осындай ақпарат таратып отыр.

Швейцариялық UBS (Global Oil&Gas Analyser) банкінің баяндамасында атап көрсетілгеніндей, Америкадағы қатпарлы тас серпілісінің аяқталуына әлі талай жыл бар, сондықтан барлануы қиын көмірсутектерді өндірудің солтүстікамерикалық тәсілі ОПЕК-тен тыс үстемдігін жалғастыра береді.

«АҚШ-тың бір өзі таяу жылдарда әлемдік мұнай өндірісі өсімінің жылдық орташа мөлшерінің жартысын қамтамасыз ететін болады», - дейді банк сарапшылары.

Сарапшылар АҚШ-тың ресурстары мен нарықтарына, инфрақұрылымдарына, нормативтік-құқықтық базасын қосқандағы мұнай-газ өнеркәсібіне қызмет көрсету деңгейінің артықшылығына назар аударып отыр.

UBS сарапшылары энерготасымалдаушыларды барлаумен және өндірумен айналысатын компаниялар бойынша upside-ті, яғни акциялар бағасының өсім әлеуетін орташа есеппен 8% деңгейінде көреді. UBS мұнай-газ нарығының дамуында пайда тапқысы келтіндерге солтүстікамерикалық мұнай өндіруші 14 компанияның тізімін жасаған, олардың акцияларына салынған қаржы инвесторларға барынша көп пайда әкелуі мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!