Қазақстан мұнай өндірудің ең жоғары деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді

Фотография - Қазақстан мұнай өндірудің ең жоғары деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді

Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

119 0

Қазақстан мұнай өндірудің ең жоғары деңгейіне 2024-2030 жылдары қол жеткізеді деп болжанып отыр. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Саланың бүгінгі күнгі жағдайын негізге ала отырып, республикада мұнай өндірудің ең жоғары деңгейі 2024-2030 жылдары болады деген болжам жасалуда. Егер біз жаңа кен орындарын пайдалануға бермесек, 2050 жылы мұнай өндірісі 30-50 млн тоннаға дейін төмендейді деп күтілуде», - деді министр.

«Біз пессимистік нұсқаны айтып отырғанымызды атап өткім келеді», - дер тоқталды Ұзақбай Қарабалин.

Оның айтуынша, бұл ретте Қашағанды игерудің екінші кезеңі мен әлі Үкімет бекітпеген өзге жобалардың маңызы ерекше болмақ.

Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Жолдауын жүзеге асыру аясында Мұнай және газ министрлігі әзірлеген табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізаттық сектордан түсетін кірістерді пайдалану тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!