Акцизді көтеру тауар екі есе қымбаттайды дегенді білдірмейді

Фотография - Акцизді көтеру тауар екі есе қымбаттайды дегенді білдірмейді

«Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне акцизді көтеру олардың құны екі есе қымбаттайды дегенді білдірмейді». ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев осындай мәлімдеме жасады.

336 0

«Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне акцизді көтеру олардың құны екі есе қымбаттайды дегенді білдірмейді». ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев осындай мәлімдеме жасады.

«Қазіргі таңда біздің комитет алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне акцизді көтеру туралы Парламентке заң жобасын жіберді. Егер уәкілетті орган біздің ұсынысымызды қабылдаса, акциз көтеріледі. Осы орайда халық арасында түрлі әңгімелер тарап кетті. Алайда акцизді көтеру тауар екі есе қымбаттайды дегенді білдірмейді. Мысалы, спиртті ішімдіктің орташа бағасы 600 теңге болса, акциз екі есе көтерілген соң оның құны 700 теңге болады. Ал, темекінің бағасы 200 теңге болса, ол 230 теңгеге дейін ғана қымбаттайды. Халық осыны түсінуі керек», - деді өз сөзінде Әнуар Жұмаділдаев.

«Рас, біз акцизді көтерген соң аталған тауарлардың көптеп жасырын сатылатынын да ескердік. Алайда, қол қусырып қарап отырған да жоқпыз. Осы мақсатта бірқатар тексеру жолдарын алдын-ала ұйымдастырып қойдық. Турасын айтсақ, алдағы өзгерістерге сақадай саймыз», - деді Салық комитетінің төрағасы.

Аталған заң жобасы күшіне енсе 2014 жылға қарай 1000 темекі үшін акциз 3000 теңгеге жетеді. Ал, 2020 жылға қарай оның бағасы 10 000-ға дейін көтеріледі. Қымбатшылық алкогольді ішімдіктерді де айналып өтпейді. Бүгінгі күні 1 литр спирт үшін акциз 500 теңге болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін көтеріледі.

 


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!