Үстіміздегі жылы қазақстандық өнімнің Ұлыбританияға экспорты 35,1 пайызға артты

Фотография - Үстіміздегі жылы қазақстандық өнімнің Ұлыбританияға экспорты 35,1 пайызға артты

2013 жылдың қаңтар-шілдесіне Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорт 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,1пайызға өсті

166 0

2013 жылдың қаңтар-шілдесіне Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорт 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,1пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазақстанның Ұлыбританияға экспорты 1,17 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 35,1 пайызға артық», - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, ИЖТМ мәліметінше, Ұлыбританиядан импорт бұл кезеңде 323,8 млн. долларды құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 3,8 пайызға аз.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Ұлыбритания Қазақстанның негізгі инвесторларының үштігіне кіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!