Павлодар облысында АӨК-ні қаржыландыруға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді

Фотография - Павлодар облысында АӨК-ні қаржыландыруға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді

Павлодар облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығындағы жобаларды қаржыландыруға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Шұғаев.

145 0

«Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Павлодар облысына республикалық бюджеттен АӨК-дегі инфрақұрылымдарды қаржыландыруға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Оның ішінде суармалы егіншілікті дамытуға 1 млрд 100 млн теңге қарастырылып отыр», - деді Ж. Шұғаев.

Басқарма басшысының мәліметінше, алынған қаржы 930 бас малға арналған сүт фермасының құрылысын салып, 770 гектар аумақтағы суармалы телімді қалпына келтіруге, сонымен қатар «Тоғас» ШҚ» ЖШС-дегі көкөніс және жем-шөп дақылдарын себуге, Железин ауданындағы агроқалашық құрылысын жүргізуге бағытталған.

bnews.kz сайтынан

Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!