Қазақстанның мемлекеттік қарызы 4 трлн теңгеге жақындады

Фотография - Қазақстанның мемлекеттік қарызы 4 трлн теңгеге жақындады

Қазақстанның мемлекеттік қарызы жыл басынан бері 4,3% -ға артып, 18 қыркүйекке 3994,5 млрд теңгені құрады

142 0

Қазақстанның мемлекеттік қарызы жыл басынан бері 4,3% -ға артып, 18 қыркүйекке 3994,5 млрд теңгені құрады.

Бүгінде үкімет қарызы 3941,1 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде ішкі қарыз - 3209,1 млрд, сыртқы - 731,9 млрд. теңгені құрады. Ұлттық банк 37,9 млрд, жергілікті атқару органдары 15,5 млрд теңгеге қарызданған - деп хабарлады baq.kz

2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында РБ-ның үкімет қарыздарын өтеуге кететін шығындары 2016 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 72,3% артады деп көрсетілген. Атап айтқанда үкімет қарызын өтеуге 2014 жылы 258,082,  2015 жылы 308,745 млрд және 344,841 млрд теңге 2016 жылы бағыттау ұсынылуда. Бұрындары айтылғандай, Қазақстанның жалпы сыртқы қарыздары 2013 жылғы 31 наурызда жыл басына қарағанда 2,12% артып, 139 953,5 млн долларға жеткен.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!