ҚҚС бойынша депозиттік шот әдісі енгізілуі мүмкін

Фотография - ҚҚС бойынша депозиттік шот әдісі енгізілуі мүмкін

«Қосымша құн салығы бойынша депозиттік шот әдісі енгізілуі мүмкін». ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев осылай деп мәлімдеді.

235 0

«Қосымша құн салығы бойынша депозиттік шот әдісі енгізілуі мүмкін». ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев осылай деп мәлімдеді.

«Қазіргі таңда қосымша құн салығы бойынша бюджет түсімі көңіл көншітпейді. Еліміздегі кәсіпкерлер арасында жалған шот фактуралар жазып беру, оларды ауыстыру фактілері белең алып барады. Сондықтан да «ҚҚС бойынша депозиттік шот әдісін» енгізу мақсатында жаңадан заң жобасы жасақталды. Бүгінде оның мүмкіншілігін арнайы құрылған жұмыс тобы сараптауды қолға алды. Егер депутаттар біздің ұсынысымызды мақұлдаса, жаңа әдіс көп кешікпей іске қосылады. Мамандардың айтуынша, депозиттік шот жалған кәсіпкерліктің жолын кесу барысында басты құралға айналмақ», - деді Әнуар Жұмаділдаев.

«Депозиттік шот әдісінің жұмысы қосымша құн салығын уақтылы бюджетке түсіруге негізделген. Яғни, әр кәсіпкер транзакция жасағаннан кейін, қосымша құн салығын Қазынашылық мемлекет пайдасына алып қояды. Сондай-ақ, ол қайтарылмайды. Бұл өз кезегінде алаяқтық жасауға тосқауыл болады», - деп тың бастаманың жұмысы төңірегінде Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев өз сөзін қорытындылады.

Бұл ведомство электронды шот фактураға көшу туралы тағы бір ұсыныс тастаған болатын. Алғаш болып бұл жобаны пилоттық режимде «Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылдың 1 қазанынан бастап іске қоспақшы. Айта кетер жағдай, өз еріктерімен жобаға қатысқысы келетін салық төлеушілерге шектеу жоқ.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!