Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 жылда 184,7 млрд теңгені қарызға берген

Фотография - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 жылда 184,7 млрд теңгені қарызға берген

 Бұл туралы «ҚТҚЖБ»АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне 10 жыл» атты халықаралық конференция барысында мәлімдеді.

257 0

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 жылда халыққа 184,7 млрд. теңге несие берген көрінеді. Бұл туралы «ҚТҚЖБ»АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне 10 жыл» атты халықаралық конференция барысында мәлімдеді.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 жылда биік белестерді бағындырды. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіндегі жағдай бойынша біз 925 млрд. теңгеге 441 мың келісім-шарт жасадық»,-деді төрайым.

Сондай-ақ, Нұрбибі Наурызбаева банктің несие қоржыны 132,4 млрд. теңгені құрап отырғанын, ал депозиттік база 170 млрд. теңгеге жеткенін тілге тиек етті.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!