Қазақстандағы доллардың сатылымы 69 млрд теңгеге төмендеді

Фотография - Қазақстандағы доллардың сатылымы 69 млрд теңгеге төмендеді

Елімізде долларға қатысты дүрбелең басылды. Ranking.kz. сайтының зерттеу нәтижелері осыны көрсетіп отыр.

233 0

Елімізде долларға қатысты дүрбелең басылды. Ranking.kz. сайтының зерттеу нәтижелері осыны көрсетіп отыр.

Шілде айында Қазақстанды жайлап кеткен теңге девальвациясы туралы қанқу сөздер өз негізін таппады. Тамыз айында елдегі айырбастау пунктерінде кеңінен таралған доллар, евро және рубль валюталарының сатылымы 80 млрд. теңгеге дейін төмендеген. Жалпы жаздың соңғы айында 353 млрд. теңгенің шетел валютасы сатылған. Нәтижесінде қаржы нарығы 20 пайызға отырса, доллардың сатылымы 69 млрд. тенгеге азайыпты.

Америкалықтардың төл валютасының сатылымы қазақ жеріндегі шетелдік валюталардың ішінен 86%-бен алдыңғы қатарда. Жалпы тамызда 303,3 млрд. теңгенің доллары арнайы орталықтарда айырбасталған. Валюталық операциялардың көлемі жағынан Алматы қаласы тізімде бірінші болып тұр. Мұнда доллардың 43% сатылған. Ең төмен сұраныс, Қызылорда облысында тіркелген – 1,46%.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!