Алматыда 8 ай ішінде 124,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

Фотография - Алматыда 8 ай ішінде 124,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

деп хабарлады Алматы қалалық Статистика департаменті.

120 0

2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында жасалған құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 124 486,4 млн теңгені құрады. Дегенмен, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларына қарағанда 3,1%-ға төмен, деп хабарлады Алматы қалалық Статистика департаменті.

Алматы қаласы бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің басым бөлігін жекеменшік құрылыс ұйымдары (91,3%), шетелдік меншік (8,6%), мемлекеттік меншік кәсіпорындар (0,1%) орындады.

Алматы қаласының құрылыс ұйымдары орындаған құрылыс жұмыстары көлемінің үлесі республикалық көлемнің 9,5% құрады, делінген ақпаратта.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!