Жалған банкротқа ұшырау белең алуда

Фотография - Жалған банкротқа ұшырау белең алуда

Бұл туралы ҚР Қаржы полициясы Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Елиманов VIII салық конференциясында осылай мәлімдеді.

235 0

«Қазіргі таңда елімізде жалған банкротқа ұшырау фактілері көбейіп кетті. Осыған орай заңды тұлғалардың бірігуі алдында оларға салықтық тексеріс жүргізген жөн». Бұл туралы ҚР Қаржы полициясы Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Елиманов VIII салық конференциясында осылай мәлімдеді.

Маманның деректері бойынша, соңғы кездері жалған кәсіпкерлікпен айналысатындар іс жүзінде жұмыс істеп отырған заңды тұлғалармен қосылып, кейін мәжбүрлеп тарату фактілері жиілеп кеткен. Осыған орай қаржы полициясы Салық комитетімен бірігіп жұмыс істеудің жаңа жүйесін енгізген болатын. Нәтижесінде, жалған банкроттыққа қатысты қылмыстық істерді әшкерелеу 2,5 есе өскен екен.

«Алайда, бұл жұмыстар әлі де аздық етеді. Біз жалған кәсіпкерлікпен және жалған банкорттықты ерте бастан анықтағанымыз жөн. Бұл мақсатта Салық комитетінің заңды тұлғаларға бірігуі алдында тексеріс жүргізуі құптарлық жайт. Әрине, бұл тек бастама ғана. Егерде игі іс заңды түрде қолдау табатын болса, жеңіл жолмен ақша тауып үйреніп қалғандарға едәуір тосқауыл қоятын едік», - деді Жанат Елиманов.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!