Еуразия даму банкі 500 млн. долларлық еурооблигациясын орналастырды

Фотография - Еуразия даму банкі 500 млн. долларлық еурооблигациясын орналастырды

Еуразия даму банкі 7 жылдық 500 млн. доллардың еурооблигация шығарылымын орналастыруды аяқтады.

132 0

Еуразия даму банкі 7 жылдық 500 млн. доллардың еурооблигация шығарылымын орналастыруды аяқтады.

Халықаралық қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, банктің бұл еурооблигацияларына деген сұраныс ұсыныстан 8 есе асып түсіп, 4 млрд. долларды құраған. Жоғары сұраныстың нәтижесінде ол бір күнде түгел таратылып кеткен. Соның нәтижесінде құнды қағаздық кірістілігі батапқыда жарияланған спрэдтегі 337,5-350 базистік пунктен 300-ге дейін төмендеген. Алайда бұл қатысушы инвесторлардың санына айтарлықтай өзгеріс әкелмеген. Өтініштер кітабына барлығы 315 инвестор қатысып, шығарылымның 40 пайызға жуығын АҚШ, 27 пайызын - Ұлыбритания, 8 пайызын - Германия мен Австрия, 8 пайызын - Швейцария, ал 17 пайызын өзге аймақтар сатып алған. Жалпы Еуразия даму банкінің бұл еурооблигациялардың орналастырылуын Deutsche Bank, HSBC, BNP Paribas және J.P.Morgan ұйымдастырған болатын. Онда шығарылымның 77 пайызын инвестициялық қорлар, 19 пайызын банктер, 4 пайызын өзге инвесторлар иеленген көрінеді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!