СҚО-да 8 айда 42,3 млрд теңгеге азық-түлік дайындалған

Фотография - СҚО-да 8 айда 42,3 млрд теңгеге азық-түлік дайындалған

Солтүстік Қазақстан облысында 8 айда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорында 42,3 млрд теңгеге азық-түлік шығарған.

221 0

Солтүстік Қазақстан облысында 8 айда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорында 42,3 млрд теңгеге азық-түлік шығарған.

«Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін қайта өңдеуші сала агроөнеркәсіп кешенінің құрылымындағы басты буындардың бірі болып табылады. Сегіз айдың қорытындысы бойынша, азық-түлік өндірісінің көлемі 42,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 24%-ға артық», – деді облыстық әкімдік отырысында ауыл шаруашылықбасқармасының басшысы Серікбай Тұралинов.

Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 189 кәсіпорын бар. Осы айлардың ішінде 199 689 тонна ұн, 198 76 тонна макарон өнімдері, 100 мың тоннадан астам сүт өнімдері шығарылған. Өсімдік майын қайта өңдеумен Ғ.Мүсірепов ауданындағы зауыт пен 5 цех айналысады. Олар 11 390 тонна тоң май мен өсімдік майын шығарған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6%-ға артық.

«Қайта өңдеуші кәсіпорындар мен уыл шаруашылық құрылымдары облыс халқын негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отыр және артық қалған тауарды республиканың өзге өңірлеріне жеткізуде», – деді С.Тұралинов.

Оның айтуныша, 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 460,4 мың тонна дән себілді немесе жоспардың 90,3%-ы орындалды.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы облыстық әкімдік отырысында аграрийер алатын төмен жалақы мәселесін көтерді. 2013 жылғы қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылық саласы бойынша сатистикалық мәліметке сәйкес, 51 мың 770 теңгені құрады. Бұлоблыстық орташа көрсеткіштен 29%-ға төмен. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!