Теңгенің мұнай бағасына тәуелділігі уақытша құбылыс

Фотография - Теңгенің мұнай бағасына тәуелділігі уақытша құбылыс

Бүгінде төл теңгенің тәуелділігі туралы аз айтылып жүрген жоқ

192 0

Бүгінде төл теңгенің тәуелділігі туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мәселен соңғы кездері елімізде Ресей рубіліне деген сұраныс күн санап артып келеді. Теріскейдегі көршіміздің валютасына қажеттіліктің жоғары болуы қарапайым халық үшін түсініксіз. Алайда экономика ғылымының докторы Сайлау Байзақов: «бұл жағдай орынды», деп отыр.

«Елімізде Ресей рубіліне деген сұраныстың артуын теңге құндылығының осы рубль құндылығына тығыз байланысты болуымен түсіндіруге болады. Ал, олардың арасындағы байланыстың тығыз болуын, екі ел арасындағы экономикалық байланыстың, алыс-беріс, сауда-саттықтың тығыз болуының салдары деп түсінген жөн. Мәселен, Әзірбайжан манатының құндылығы евро құндылығына телінген. Оның да өз себебі бар. Көптеген елдердің валюталары Американың долларымен ұялас, тіпті аттас болып келеді. Сондықтан, орыстардың рублінің біздің теңгеге әсері бар екенін жасыруға болмайды. Оны жақында берген бір сұхбатында Григорий Марченко да айтты. Бірақ мен біздің тенгенің құндылығы басқа валюталардан, оның ішінде рубльге немесе мұнай бағасына тәуелді болуы уақытша құбылыс деп есептеймін. Біздің валютамыз әр уақытта тәуелсіз болғаны жөн», - деп Сайлау Байзақов өз пікірін білдірді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!