Алматыда шағын несиеге сұраныс жоғары.

Фотография - Алматыда шағын несиеге сұраныс жоғары.

деп хабарлады Алматы қалалық Статистика департаменті.

182 0

Алматыда 2013 жылдың екінші тоқсанында 40 мыңнан астам шағын несие берілді. Бұл республиканың басқа өңірлеріне қарағанда жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Алматы қалалық Статистика департаменті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында Алматыда шағын несие беру қызметімен 174 ұйым айналысты. Есептік кезеңде 15 792,9 млн теңге сомасына 42 105 шағын несие берілді. «Бұл республикалық көлемнің 28,4% құрайды және республиканың басқа өңірлеріне қарағанда үлкен көлем болып табылады», - делінген ақпаратта.

Атап өту керек, Алматыда көрсетілген кезеңде 13 млрд 303 млн теңгеге 40 956 қысқа мерзімді шағын несие, сондай-ақ, 2 млрд 489 млн теңге сомасына 1149 ұзақ мерзімді шағын несие берілді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!